Дәмхана иелері лағман мен самсаны есек етінен жасап келген
Өзбекстанның Ферғана қаласында есек сойып сатқандардың ісі әшкере болып, үлкен дау тудырды. Олардың арам етті қай дәмханаларға сатқаны да белгілі болды. Дәмхана иелері келушілерді есек етін сиыр мен қой еті деп алдап келген.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Өзбекстан телеарнасында Ферғанадағы бірқатар қоғамдық тамақтану орны есек етін сатып алып, сиыр және қой етінің орнына пайдаланғаны туралы видеоролик көрсетті.
Қылмыстық банданың үш мүшесі есектерді 250-300 мың сумнан (шамамен 10 – 12 мың теңге) сатып алып, оларды боршалап, дәмханаға келісін 25-30 мың сумнан (шамамен 1 – 1,2 мың теңге) сатқан.
Олардың клиенті негізінен Тошлок ауданындағы “Ягона” дәмханасы мен Ферғанадағы Мурод Тургуновтың асханасы болған.
Бағдарламада есек етін басқа еттен түріне қарап та, дәмі мен иісінен де ажыратуға болатыны айтылған. Сондықтан аспаз бен мейрамхана бизнесімен айналысатын адам қандай жануардың етін сатып алып жүргенін жақсы білген.
Айта кетейік, Исламда есек еті харам болып есептеледі және тамақ ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Күйеуі қызғаныштан әйелінің саусақтарын кесіп тастаған (фото)
Солтүстік ақ мүйізтұмсықтың соңғы аталығы өлді
Аурухананың алдына келіп жатып алған алып қолтырауын жұртты шошытты
АҚШ-та ер адам 4 жасар қызын жезөкшелікке мәжбүрлеп, сатып жібермек болған
Танымал актриса 2 миллион доллар тұратын жүзігін түнгі клубта жоғалтып алды