Дағыстанда жоғалып кеткен қазақстандық туристің денесі табылды
Отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған 47 жастағы қазақстандықтың денесі үш күннен кейін табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ресей ТЖМ
Марқұм сапбордтан Каспий теңізіне құлаған. Исламның денесі төртінші күні табылып, судан шығарылды.
“Қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болды. Сапбордпен келе жатқан ол тақтайшаға соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шекті: құтқарушылар төртеуін судан шығарды, біреуі жағаға өз бетімен шықты. Өкінішке орай, бір адам суға батып кетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды”, – деп жазды Ресейдің Төтенше жағдай министрілігі.
Еске салайық, қазақстандық азаматтың сапбордтан теңізге құлап, із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады