"Ағасы мен әкесі қызды құтқармақ болған, соңында аналары түскен": Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып қаза тапты
Ақмола облысында Арнасай су қоймасында демалуға келген бүтін бір отбасы суға батып қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 716.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik
Оқиға 5 тамыз күні түстен кейін Аршалы ауданындағы Арнасай су қоймасында болған. Астанадан келген отбасы су айдынына демалуға келген. Алайда бұл орын шомылуға арналмаған.
Демалыс кезінде қызы суға бата бастағанын көріп, ағасы мен әкесі оны құтқаруға тырысқан. Алайда бір сәтте суда болғандар дүрліге бастаған. Сол кезде отбасын құтқару үшін балалардың анасы да суға түскен. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты жел мен толқынның әсерінен бүкіл отбасы суға батып кетті.
"Тырнақ пен қас жасауға кеткен": БАӘ-де көз жұмған әпкелі-сіңлілердің туысы олардың өлімі туралы мән-жайды айтты
Жергілікті билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған