Дағыстанда қазақстандық азамат сапбордтан теңізге құлап, із-түссіз жоғалып кетті - БАҚ
Қазақстаннан отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған туристі Каспий теңізінде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Үш күннен бері ол туралы бірде бір хабар жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Ислам (47 жаста) Дағыстанға отбасымен бірге демалысқа кеткен. Ол ингушетиялық, бірақ көп жылдан бері Қазақстанда тұрады. Жоғалғанға дейін турист Ізбербашта сапборд мініп келе жатып, 19 жастағы Мирза мінген гидроцикл сүйреп келе жатқан тақтайшаға соғысқан.
Құтқарушылар төрт адамды судан шығарса, біреуі өз бетімен жағаға көтерілген. Үшеуі, оның ішінде екі бала ауруханаға жеткізілді. Кеудеше кимеген жалғыз Ислам. Құтқарушылар оны әлі іздеп жатыр. Гидроцикл жүргізушісі ұсталып, өмірге қауіп төндіретін қызмет көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 4 адам суға батып қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға 3 тамызда облыс орталығы Әйтеке би ауданындағы Т.Жүргенов ауылынан 2 шақырым жерде болған.
"Тырнақ пен қас жасауға кеткен": БАӘ-де көз жұмған әпкелі-сіңлілердің туысы олардың өлімі туралы мән-жайды айтты
Жергілікті билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған