Таиландта қазақстандық турист саяхатының алғашқы күнінде көз жұмды
31 шілде түстен кейін Таиландтағы Карон жағажайында болған апаттан Қазақстан азаматы қаза тапты. Пхукетке жақында ғана келген ер адам суға батып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Novostiphuketa сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

57 жастағы қазақстандық турист Евгений Сапогов қонақүйінің жанындағы теңізге батып кетті. Пхукетке келгеннен кейін ер адам 60 күн жүруге рұқсат алған, бірақ оның бірінші күнінде мерт болды.
Сол күні түске дейін Патонгта ағын суға батқан екі қытай азаматының біреуі қаза тапты. Марқұм 52 жастағы Че Ка Фай Энди екені анықталды. Ол 15 жасар ұлымен суға шомылып, қауіпсіз аймақта суға түскен, бірақ кейін қызыл жалаулармен белгіленген аймаққа өтіп кеткен.
Жасөспірім тірі қалғанымен, әкесі суға тұншығып, қаза тапты.
Еске салсақ, Таиланд қазақстандықтар үшін 60 күндік визасыз режим енгізген еді.
Осыдан 1,5 жыл бұрын қазақстандық танымал әнші Darkhan Juzz де Пхукет аралында көз жұмды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады