Дағыстанда жанармай құю станциясында жарылыс болып 12 адам көз жұмды
Дағыстанда 15-іне қараған түні жанармай құю станциясында жарылыс болып, 12 адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Махачкала қаласында болған. Ал өрт аумағы 600 шаршы метрге жетіпті.
Дағыстан басшысы Сергей Меликов тілшілерге жарылыстың жанармай құю станциясына қарсы бетте болғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оның себебі мен салдары анықталып жатыр. Барлығы 8 цистернаның 2-і жарылып кеткен.
Ресми дерекке сүйенсек оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 66 адам зардап шеккен. Көз жұмғандардың ішінде 2 бала бар. Ал жарақат алған 10 адамның жағдайы ауыр.
Махачкаланың медицина мекемелері күшейтілген режимге ауыстырылды. Ресейдің денсаулық министрлігі Махачкала ауруханаларында төсек орын жеткілікті екенін айтты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн