«Чукотка» барында көз жұмған жігіттің туыстары сот шешіміне шағымданбақшы
«Чукотка» барында көз жұмған Сырым Мұратқалиеваның туыстары Қапшағай қалалық сотының шешіміне шағымдануға ниетті. Олар Кузнецовқа қатысты шығарылған үкіммен келіспей отыр. Естеріңізде болса, кеше «Чукотка» барының маңындағы төбелес үшін сотталған жігіт бостандыққа шықты. Сот оның жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастырды.

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Сырымның ағасы Дәулет Мұратқалиев Қапшағай соты Кузнецовтың жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастырып, олардың пікірін сұрамады деп, шағымдануда. Ал, сол күнгі төбеелесте көз жұмған Сырымның артында екі қызы қалған екен. Олар қазір асыраушысынан айырылғандарға төлейтін 12 мың теңгемен күн көріп отыр.
«Ол тіпті ата-анамнан да кешірім сұраған жоқ. Бұл адами қасиет емес. Біздің үстімізден аттап өтіп, бәріне қол сілтеп кетті. Бауырым екі рет үйленген болатын, қазір оның артында екі қызы қалды», -дейді Дәулет Мұратқалиев .
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”