Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл адамдардың қайтадан «көлеңкеге» түсуіне жол бермеуіміз керек: Тоқаев БЖТ-ны алғаш төлеген қазақстандықтар туралы айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет бірыңғай жиынтық төлем жасаған адамдарға назар аударды.

«Бұлар нағыз мемлекеттік көмекке мұқтаж азаматтар. Оларды барынша экономикаға тарту керек. Біз бұл адамдардың қайтадан «көлеңкеге» түсуіне, проблемаларымен бетпе-бет қалуына жол бермеуіміз керек», - деді президент.

Тоқаев ең алдымен, ресми түрде жұмыс істеп, салық төлейтіндер келешекте қолайсыз жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік қолдауды, әлеуметтік қорғауды, лайықты зейнетақыны алатынын еске салды.

«Сондықтан уақытша жұмыссыздармен қатар дәл осындай азаматтар үкімет пен әкімдердің басты назарына алынуы керек», - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол еңбек биржасында тіркеуді мүмкіндігінше жеңілдетіп, рәсімдерді қысқартуды, жұмыссыздық мәртебесін және оған байланысты жәрдемақыларды алу уақытын қысқартуды тапсырды.

Айта кетейік, көптеген қазақстандық азамат төтенше жағдай уақытында 42500 теңге жәржемақы алу үшін алғаш рет бірыңғай жинақ төлемін төлеген еді. Қазір БЖТ қалалық азаматтар үшін 2651 теңгені, ауылдық елдімекенде тұратын азаматтар үшін 1325 теңгені құрайды.


Талқылау