БҚО-да шекара бекеті маңында дрондар байқалды: Тұрғындар мұндай жайттың бірнеше рет болғанын жазды
Батыс Қазақстан облысындағы Сырым шекара бекетін екінші түн белгісіз дрондар айналып жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, шекара бекетінің үстінен екінші түн бойы он шақты дрон ұшып жүр.
"Олар Самара облысынан ұшып келеді. Шамамен 10 шақты. Бақылау бекеті мен заставаның үстінен ұшып жүрді. Біз мұны бірінші рет көріп отырған жоқпыз. Шекарашыларымыз мұны кім және не үшін жасап жатқанын да білмейді", – деді тұрғын.

Қорғаныс министрлігі видеоға қатысты түсініктеме берді.
"Қазақстан әуе кеңістігін бұзу жағдайы тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. Біз азаматтардан сабыр сақтауды, жалған ақпарат таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", – деді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген