Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжектен байланысын үзген отбасылы жігіттен жүкті болып қалған

Қазақстандық әйел отбасылы азаматтан жүкті болып қалған екен. Ол бұл жаңалықты баланың әкесімен бөлісе алмай жүр. Осы орайда, Ажар Пернебекқызы жұрттан ақыл сұрады.

beremennaya-zhenshchina-na-fone-lesa

Бұл туралы “Мен әйелмін” парақшасында жазылды.

Ажар Пернебекқызы  (есімі өзгертілді) бір рет тұрмыста болған. Ажырасқан соң жанына жігіт атаулысын жолатпаған. Десе де, сүйіктісін кездестіріп, бірнеше жыл бойы қыз-жігіт болып жүреді. Артынша әлгі сүйіктісінің әйелі бар екенін біледі. Осылайша оны босатуға шешім қабылдайды. Бар қиындығы – әлгі азаматтан жүкті болып қалғаны.

«Көмектеріңіз керек болып тұр. Бір рет тұрмыста болғанмын. Ажырасқаныма 4 жыл болған соң бір жігітпен таныстым. Ол өмірімді түбегейлі өзгертті. Жаңа тынысым ашылғандай болды. Уақыт өте келе оның отбасы барын білдім. Дәлірек айтсам, екінші рет үйленген екен. Бірінші некесінен бір ұлы бар. Екінші әйеліне аяғы ауыр болғандықтан, үйленуге мәжбүр болған. Осыны білсем де, одан бас тарта алмадым. Көп жылдан бері жаныма жолауға рұқсат берген алғашқы жігітім болды. Бірақ қазір бірге емеспіз.

Оның күн сайын басқа әйелге баратынын көтере алмадым. Жаңа өмір бастауға шешім қабылдадым. Алайда барлығы мен жоспарлағандай болмай жатыр. Бүгін ішімде 3 апталық шарана барын білдім. Дәрігерлер балалы болуым екі талай екенін айтып ескерткен. Сол себепті, не қуанарымды, не жыларымды білмей отырмын. Босана салысымен қарғыс еститінім анық. Жасағандарым үшін қатты өкінемін. Әлгі жігітті отбасының шырқын бұзбау үшін босатқан едім. Оған енді жүкті екенімді айтқаным дұрыс па? Ақыл қосыңыздаршы», – дейді Ажар Пернебекқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел: Пәк еместігімді күйеуім бетіме басқан емес

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Талқылау