Бокстан Қазақстан құрамасы рейтингте көш бастады
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингінде Қазақстан бірінші орынға көтерілді. Бұған Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы спортшылар жетістігі әсер еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңарған рейтингте қазақ боксшылары 81 000 ұпаймен бірінші орынға жайғасқан. Екінші орында Өзбекстан құрамасы (60 800) болса, үштікті Ресей құрамасы (58 050) түйіндеп тұр.
Айта кетейік, Ташкенттегі әлем чемпионатында медальдар саны бойынша Өзбекстан құрамасы жеңімпаз атанды. Олар 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын. Ал екінші орынды 4 алтын, 1 күміс медаль еншілеген отандастарымыз иеленген еді. ІВА рейтингінің алғашқы ондығы келесідей:
1. Қазақстан – 81 000;
2. Өзбекстан – 60 800;
3. Ресей – 58 050;
4. Үндістан – 55 500;
5. Куба – 45 300;
6. Бразилия – 43 400;
7. Италия – 38 980;
8. Түркия – 38 450;
9. Мексика – 37 650;
10. АҚШ- 34 950.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды