Бокстан әлем чемпионы әскерге борышын өтеуге аттанды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі және әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Ұлттық ұлан қатарына қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Санжар Тәшкенбай Алматыда борышын өтейді. 5571 әскери бөлімінің саптық шеру алаңында Отан алдындағы борышын өтеу үшін еліміздің әр өңірінен қызмет етуге келген 700-ге жуық жас сарбаздың салтанатты түрде әскери ант қабылдауы өтті. Олардың қатарында әлем чемпионы да бар.
"Армия – жігітке көп нәрсе беретін шынайы өмір мектебі. Боксшы ретінде бұл маған өте маңызды. Мен Ұлттық ұлан қатарына шақырылғанымды мақтан тұтамын. Мен абыроймен қызмет атқарып, әскери бөлімнің туын жоғары ұстаймын, – деді қатардағы жауынгер Санжар Тәшкенбай.
Санжар Тәшкенбай – 2021 жылы өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2023 жылдың мамырында 48 келіде жұдырықтасқан ол Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Талқылау

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді