AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Жеңіс Омаров: Мен жай ғана мұсылман болғым келді, сол үшін ораза ұстап, намаз оқимын

Белгілі қазақстандық блогер Жеңіс Омаров балалық шағындағы көрген қызықтары мен қиындықтары, әкесінің отбасындағы рөлі мен өмірі туралы айтты. Өмірлік көзқарасы мен дінге қалай келгені жайлы баяндады. 

Бұл туралы блогер TABOO бағдарламасында айтты.

Блогер әкесінен ерте айырылған соң ерте есейгенін айтады. Үш азаматтың тәрбиесі өмірінде өзі үшін үлгі болған. Ал анасы екеуі бір отбасының қиындығын қатар көтеріп келген. 

“Менің әкем бандит болған. Есірткі шеккен. Ол кездің адамдарының бәрі есірткі шегетін. 6 жасымда әкемді түрмеге алып кетті. Менің көз алдымда солай болды. Мен 15 жылдан соң өмірге келген кенже ұлмын. Байдың баласы болғым келді. Еркелеп өскім келді. Ата-ананың ақшасына оқып, шетелде тұрғым келді. Бірақ олай болмады. Әкемнің орнына әке, ер азамат болуға тура келді. 15 жастан нан табу керек болды. Анама қорған болу керек болды. Еркеліктің бәрі қалды. Әкем іздеуде жүрді. Соған қарамастан мен барғым келген жерлерге мені қыдыртатын. Бұл маған деген соншалықты махаббаты. Бандит болса да, менің ертеңімді ойлады. Артық ақшаға құнықпады. Қара жолмен келген ақша сенің басыңа тиеді деп айтатын. Сондай қызық, ерекше, нағыз ер азамат болды”, – дейді блогер.


"Бұл тозақ кезеңі болды": Вайнер Жека алғаш рет әкесінің есірткіге тәуелділігі туралы айтты


Жеңіс 6 жасынан түрме өмірі жайлы біліп, көріп өсті. Әкесінің өмірі шырғалаң болса да, ол үшін ешкімді кінәламайды. 

“Түрмеде жақсы адамдар да, жаман адамдар да бар. Мен ешкіді қараламаймын. Ата-ананы қателігі үшін жек көруге болмайды. Ата-ана ажырасуы мүмкін. Бірақ ол үшін жек көрмеу керек. Бала әкені өзінше, ананы өзінше жақсы көру керек. Себебі, ол тағдыр. Ешкім алда не боларын білмейді. Өз өміріңнің қалай боларын білмейсің. Әкемді кінәламаймын”, – дейді Жека.

Блогер 13 жасында үлкен ағасынан айырылғанын айтады. Бұл да өміріндегі ең ауыр соққылардың бірі еді. Алайда өмірге деген сүйіспеншіліктен әрі қарай әрекет етуге бел буған. 

“Мен өмірді шексіз жақсы көрдім. Өмірге деген құлшынысым болды. Сондықтан сынбадым. Мүмкін ерте есейдім. Бәрін ерте түсіндім. Жеңіл қарадым. Жеңіл өмір сүргім келді. Бірақ мұсылман болғым келді. Ораза ұстадым, намаз оқыдым. Ислам ең жеңіл дін. Дінге жеңіл қарау керек. Оған сүңгіп кетсең, қиын болады. Оны жеңіл ұстану керек”, – дейді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр