Блогер құтқарған қоқиғаз балапандарының бірі Алматы зообағына апара жатқанда өліп қалды
Ақтаулық блогер құтқарып қалған қоқиқаз балапандарының бірі Алматыға апара жатқанда өліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Азамат Сәрсенбаевтың сөзінше, балапан қатты әлсіреп қалған. Тауып алғаннан кейін екі күні бойы тамақтанбапты.
"Ақтау портынан тауып алған балапан өліп қалды. Тапқан кезде әлсіз едғ екі күн бойы тамақ ішпеді әрі салқын ангарда болған. Өкінішті, мамандар келгенше жақсылап тамақтандыруым керек еді. Жолға дұрыс дайындамағаным үшін кінәлі сезінемін өзімді", – деп жазды ол.
Азаматтың сөзінше, екінші балапан қазір Алматы зообағында. Ол балапанды бір аптаға жуық уақыт күтіп, баққан.
Еске салайық, бұған дейін қызыл кітапқа енген қоқиқаздың балапанын құтқарып, үйіне алып келген ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қомақты айыппұл төлеуі немесе қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екен туралы жазған едік.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды