Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-ның денсаулық сақтау басқармасының басшысы не үшін ұсталғаны белгілі болды

"Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы мен оның көмекшісіне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Олар 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан жалпы сомасы 78 000 000 теңгеге медициналық жабдықтарды жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы ЖШС-мен бұрын жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін пара түрінде жалпы сомасы 7 800 000 теңге алған деген күдікке ілінді", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.

Мемлекеттік мекеменің басшысы және оның сыбайласы ұсталып, Орал қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов ұсталды деген ақпарат тарады.

Айта кетейік, Каюповқа қатысты тергеу басталды деген қауесет көптен бері айтылып келеді. 

Талқылау