Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да адамдар ақбөкендерді тірідей көміп тастаған

БҚО-да өлген жануарлардың өлекселерін жою кезінде адамдар бірнеше ақбөкенді тірідей көміп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экология министрлігі Батыс Қазақстан облысының полициясына жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша жүгінді. Бұл туралы экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлімдеді.

"Батыс Қазақстан облысында өлген жануарлардың өліктерін жою кезінде ақбөкендерді тірідей көміп тастау фактілері анықталды. Сондықтан, біз бұл фактіні мұқият тергеу үшін ішкі істер бөліміне жүгінбекпіз. Нәтижесінде жазықсыз жануарларға қатысты осындай қатігездікке жол бергендерді жауапқа тарту керек", - деді Самал Ибраева Facebook парақшасында.

Министрлік мәселені тезірек шешу керек екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда БҚО Жәнібек ауданы Тау ауылының маңынан өлген киіктердің 372 өлекселері табылды.  Алдын ала мәліметтер бойынша, жануарлардың қырылу себептерінің бірі осы аймақтағы ауа-райының қолайсыздығымен байланысты болуы мүмкін.


Ақбөкендер туралы қызықты мәліметтер

Талқылау