Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біздің киім - тәнімізге шақырту емес": Қысқа юбка киген қыз жайлы "ғибратты" видео қызу талқынанып жатыр

Қазақстандықтар қысқа белдемге киген қыз жайлы түсірілген видеороликті қызу талқылап жатыр. Титрлардан, бұл видео Шымкент жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша түсірілгені жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео мазмұны бойынша таксист қызды киіміне қарап жөзекше екен деп қалады, содан соң, қазаққа тән киініп жүру керектігін айтады.

Белсенді Фариза Оспан видео виктимблеймингті (зорлық құрбанын айыптау) одан ары өршітетінін айтады.

"Сіздер қыздарға не киіп, не кимеу керектігін нұсқауға құқықтарыңыз жоқ. Біздің киім - тәнімізге шақырту емес! Одан да зорлықшылармен айналысып, полцияның жұмыс істеуін қадағалаңыздар!", - деп пікірін білдірді ол Instagram-да.

"Видео зорлық құрмандарын кіналайды, "дұрыс киінбеген" қыздар мен әйелдердің стигматизациясын насихаттайды", - дейді тағы бір желі қолданушысы.

Жастар ресурстық орталығында роликтің негізгі идеяларымен және көзқарастарымен келіспейтінін мәлімдеді.

"Talas киноорталығымен қысқа ғибратты бейнероликтерін жасау туралы келісім жасалғаны рас,  алайда "Жезөкше" деген атаумен бейнероликтерін түсіру туралы келісім болған жоқ. Орталық тарапынан роликтің сценарийі бекітілмеген. Бұл роликке қаржыландыру қарастырылмайды. Егер орталық тарапынан қандай да бір қателіктер болса, кешірім өтінеміз", - делінген орталық Sputnik Қазақстан-ға берген пікірінде. 

Talas киноорталығының YouTube-арнасында видео 429 мыңнан астам рет қаралған, 25 мың лайк пен 500-ден астам дизлайк жинаған. Бейне астында авторлардың идеясы ұнаған Қазақстандықтардың пікірлері аз емес.

"Қандай тамаша кино"," қыздар бұл видеоны көруі тиіс", "мұндай роликтерді теледидардан көрсету керек" деп жазды желі қолданушылары.

Талқылау