Бишімбаев ісі: Гастро орталық директоры екі айға қамауға алынды
Астанада Салтанат Нүкенованың ісі бойынша Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Директор қылмысты жасырды деген күдікке ілінді.
"Bau" мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы - 2 айға қамауға алу бойынша санкцияланды. Тәртіп сақшылары тергеуді жалғастыруда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Кейіннен экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынды.
Сосын қазақстандықтар кісі өлімі болған "Bau" мейрамханасын жабуды талап етті. Кейіннен Гастро орталығының директоры қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі