Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынды
Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді.
"2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бишімбаев Қ.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Басқа деректер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
-
Күйеуі қызғанып, ұрып-соғатын: Құрбылары Салтанат Нүкенованың отбасылық өмірі туралы айтып берді
-
“Жүкті болуы мүмкін”: Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды
Еске салсақ, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Бүгінде Марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етуде.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді