Cалтанат Нүкенованың өлімі: 12 сараптаманың 10-ы аяқталды
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жары Салтанат Нүкенованы өлтіруіне байланысты іс бойынша 12 сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талғат Уәлидің айтуынша, бір сараптама осы аптада аяқталады.
"Қылмыстық іс аясында 12 сараптама тағайындалды. Оның 10-ы жүргізілді. Бір сараптама осы аптада аяқталады. Жақында тағайындалған тағы бір сараптама 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі", - деді ресми өкіл.
Бұған дейін ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев тергеу жақын арада аяқталуы тиіс екенін айтқан болатын.
"Тергеу, сараптама қорытындысы, іс аяқталған соң екі тарапты құжаттармен таныстыру қажет. Бұл да уақытты алады. Содан кейін іс сотқа жіберіледі", - деді вице министр.
Еске сала кетейік, Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынғанын хабарлаған едік. Бүгінде Марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етуде.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек