Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев әлдебір бикешке қымбат пәтер сатып әперген

Қуандық Бишімбаев шотындағы миллиондар туралы айтты. Тергеу мәліметтеріне қарағанда бұрынғы Ұлттық экономика министрінің шотына соңғы жеті жыл ішінде 273 миллион теңге аударылған екен, деп хабарлады КТК арнасы.

Бірақ бұл қыруар қаржы адал еңбекпен келген деді бүгінгі сотта Бишімбаев. Тіпті, экс-министр Қосшы ауылындағы зәулім коттеджді салуға шотындағы 273 миллион теңгенің бір бөлігін жұмсапты. Тек, бұған прокурорлар күмән келтіріп отыр. Өйткені, Бишімбаевтың әр тиынын санаған тергеушілер, экс-министрдің тапқан табысынан гөрі, шығыны көп болғанын анықтапты. Мәселен, ұсталмай тұрып, экс-министр Астандаға кілең байлар тұратын ауданнан әлдебір бикешке қымбат пәтер сатып әперген. Сондықтан, экс-министрдің сауна мен элиталық баспанаға ақшаны қайдан алғаны қызықтырып отыр. Алайда, бұл сұрақ Бишімбаевтың тағы шамына тиді.

“Қылмыстық іс материалдарына сәйкес “Самұрық-Қазына” “Бәйтерекке” 420 мың доллар көлемінде ақша аударған. Бұл ақшаның бір бөлігіне, яғни 200 мың долларға Мирлан кварталынан Әлібаеваның атына пәтер сатып алынған. Қалған сомма 2016 жылы шешіліп алынған. Ендеше монша құрылысына ақшаны қайдан алдыңыз?” – деді айыптаушы.

“Айыптаушы тарап маған жаңа кінә тағуда. Бірақ мұның бұл іске қатысы жоқ қой. Мемлекеттік айыптаушы айтып отырған нәрсені ешқашан көрсеткен емеспін. Егер не екенін білгіңіз келсе, оңаша жерде кездесейік. Сол жерде бәрін түсіндіріп беремін”, – деді Бишімбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Көкшетауда көпқабатты үй тұрғындары нәжіс иісінен бетперде киіп жүруге мәжбүр

Әкім орынбасары: Балалар тоңса көрпе алып келіп, жамылып отырсын

Қызылордада қайтыс болған кісінің жанынан жұбайын жерлеуге орын қалдыратын болған

Ішімдік ішіп жарысқан қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (видео)

Талқылау