Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртанов: Сау адамға медициналық бетперденің керегі жоқ

Сау адамға медициналық бетперденің керегі жоқ. Бұл туралы “Қазақстан” телеарнасының “Ашық алаң” бағдарламасында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Біртанов өзінің отставкаға кетуін талап еткен резденттерге: Жауап беруге дайын болыңыз

“Медициналық бетперде тек қана медициналық қызметкерлерге керек. Вирус жұқтыру қаупі адам адамдармен кездесетін шекарадағы қызметкерлерге, санитарлық дәрігерлерге керек. Олар күнделікті 15-20 шақты адамды аралап келеді. Соларды қорғауымыз керек”, - деді министр.

Оның айтуынша, министрлік сол мақсатқа қажетті бетперделерді сатып алып жатыр.

“Бетпердені тек ауру адам кию керек. Бұл вирустың ары қарай таралмауы үшін керек. Өткен айда дәріханаларда 20 млн маска сатылып кетті. Оның көбі шетелдерге кетті. Біз оны білеміз. Азаматтар сатып алып жіберіп жатыр”, - деді министр.

Министр медициналық бетперделерді экспортқа шығаруға тыйым салынғаны жайлы айтып кетті. 

ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты енгізген "Б жоспары" жайлы да сөз қозғалды. 

“Б жоспары деген не? Егер коронавирус анықталып жатса, бізде осы Б жоспары басталады. Біріншіден, сол науқасты емдеу. Екіншіден, онымен қарым-қатынаста болған барлық азаматтарды тауып, анықтап, солармен жұмыс бастау”, - деді министр.

Сөзінше, кейбір адамдар карантинге жатады.

“Негізгі мақсат - коронавирусты ары қарай елге таратпау. Бұл жоспар барлық мемлекеттік органдар мен тиісті министрліктерге де берілді. Олар да сол жоспар блйынша оқыту, жоспарлау, қажетті құралдарды сатып алу мәселесіне дайындалуы қажет”, - деді ол.

Еске салайық бұған дейін ҚР үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирус табылған елдердің азаматтары Қазақстанда жұмысқа алынбасын деп бұйрық берген еді. Кеңейтілген отырыста жұқпалы індеттің жаппай таралуына байланысты "Б жоспары" әзірленіп қойылғандығы айтылыпты. 

Талқылау