Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Birgemiz" қорынан 330 мың отбасыға көмек көрсетілді

Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоры 330 мың мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек аударды. Бүгін-ертең тағы да 30 мыңнан астам отбасы қамтылатын болады. Бұл туралы қордың қамқоршылар кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

көмек

Сонымен бірге ол Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында "Birgemiz" қорынан Ұлы Отан соғысының 40 мың қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ тыл еңбеккерлері 50 мың теңгеден төлемақы алғанын, 800-ден астам ардагер мен 8 мың тыл еңбеккеріне азық-түлік себеттері мен жеке қорғаныс құралдары жеткізілгенін ардагерлерге қолдау көрсету жұмыстары әрі қарай да жалғасатынын атап өтті.

Көмек алушылардың тізімдері еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымы негізінде белгіленген 7 категория бойынша әкімдер тарапынан берілген болатын.
 Олардың ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС-ның ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері бар.
"Қордан берілетін көмектің екінші толқыны аясында 10,5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қор ресурстары шектеулі, сол себепті қолдау шынында көмекке мұқтаж, материалдық жағдайы төмен  азаматтарға ғана көрсетілетін болады",- деді қор төрағасы Руслан Сакеев.

Талқылау