Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылау деген болған жоқ": Мақпал Исабекова жүктілігі жайлы күйеуіне қалай естірткені жайлы

Жуырда ана атанатынын бөліскен Мақпал Исабекова бұл жаңалықты алғаш өзі білгенде қандай сезімде болғанын айтып берді. Сондай-ақ ол күйеуінің жаңалықты қалай қабылдағанын әңгімелеп, баланың жынысы жайлы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біресе жылап, біресе құдайға алғыс айтумен болдым. Жылап, тестке қарай бердім. Құдды бір онда тағы бір үндеу бардай", – деп ағынан жарылды Мақпал жүктілігі жайлы алғаш білген сәт жайлы. 

Сондай-ақ әнші сүйінші хабарды жолдасына қалай жеткізгенін әңгімеледі. 

"Тестті жастықтың астына тығып қойып, жұмыстан келген соң, сонда бірдеңе жатқанын айттым. Реакциясын түсірмедім. Бірден айтайын, жылау деген болған жоқ. Ол үшін қалыпты жаңалық болды. Бірден жоспар жасап, маған дұрыс тамақтану режимін құра бастады. Менің жолдасым сондай. Әрине, қуанды", – деді ол. 



Исабекова жүктіліктің қай мерзімінде жүргенін айтудан бас тартты. Есесіне баланың жынысын білетінін, бірақ гендер-пати жасамайтынын айтты. Өзі де, күйеуі де жеке өмірін жария етіп, елдің назарында болғанды қаламайды екен. 

"Баланың жынысын білеміз. Мені бұрыннан оқитын адамдар жеке өміріме аса үлкен мән берілгенін қаламайтынымды біледі. Енді менің жеке өмірім тек менікі емес, біздікі болғандықтан, тағы бір адамның қалауын ескеруіме тура келеді. Ал күйеуім елдің назарын мүлдем ұнатпайды", – деп түсіндірді Мақпал.

Айта кетейік, 14 ақпан күні Исабекова ана атануға дайындалып жүргенін жариялаған еді.

Талқылау