AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тапқан емес, баққан - әке": Жорабаева күйеуі мен қыздарының арақатынасы жайлы айтты

Алтынай Жорабаева күйеуіне бала сыйлауды армандап жүр. Ал Әлішер мырзаның өзі қазіргі жағдайына дән риза. Жорабаеваның төрт қызы оны туған әкесіндей көреді екен. Күйеуінің ізгі қасиеті жайлы Жорабаева Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші жариялаған видеода күйеуі Әлішер қайын інісі Талғат Жорабаевтың қызын жолдан күтіп алған. Жорабаева біраз уақыт көрмеген бүлдіршінді қатты сағынғанын, оған ойыншық ала барғанын жазған. Осы ретте өнер иесі күйеуімен арада болған диалогты жариялады: 

"Алтынай: Алла осы балажандығыңа перзент берсе екен.
Алишер: Алла берсе де, бермесе де, ризамын!

Алла бізден жақсы біледі ненің хайырлы екенін. Төрт ханшайымым бар! Соларға қамқор болып, дұрыс әке болсам, одан асқан бақыт жоқ менде.
Алтынай: Енді… бәрібір өзіңнің балаң болуы керек қой.
Алишер: Тапқан емес, баққан - ӘКЕ!



Мен сеземін, қыздар мені қатты жақсы көреді, сыйлайды.
Мен ешқайсысына "мені папа деңдер" деп айтпадым. 
Керісінше, қыздар "папа", "Сіз әлемдегі ең күшті әкесіз", "Әке махаббатын, әке мейірімін сізден көрдік" дейді. Бұдан басқа не керек маған?
Алтынай: Аллама сансыз шүкірлер". 

Көпшілік әншінің әсерлі жазбасына тәнті болып, олардың ұлды болуын тіледі.

  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр