Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекова: Ана атануға дайындалып жүрмін

Мақпал Исабекова көпшілікке сүйінші жаңалығын айтты. Әнші жақында ана атануға дайындалып жүр. Желі қолданушылары құттықтауын білдірді.

Исабекова желідегі парақшасында ғашықтар күніне жазба жариялады. 

“Былтыр осы күні сүйіктімнен ұсыныс алған едім, міне араға бір жыл салып, Алланың қалауымен бүгін, ғашықтар күнінде, осындай қуанышымызбен бөліскіміз келді”, – деп жазды әнші. 

“Макося! Керемет жаңалық”,  деп жазды Салтанат Бақаева. 

“Жаным, Макося, сен менің тәттімсің. Не деген керемет жаңалық”,  деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

“Еу, жаным Макосям, шын жүректен құттықтаймын”, – деді продюсер Гүлнұр Мамасарипова. 

Құрбысы Аша Матай мен Луина құттықтауын білдірді. 

“Алла тағала аман есен бөпеңізді босанып, құшағыңызға алуды нәсіп етсін”, “Күшті, жұғысты болсыншы барлық тілеп жүрген жандарға, аумин”, Машаллаһ. Алла тіл көзден сақтасын!🤲Бастысы аман-есен дүниеге алып келіңіз!”, “Машаллаһ. Жүктiлiгiңiз жеңiл өтсiн. Сiздер үшiн өте қуаныштымын. Бүгiнгi ең керемет жаңалық”, деп жазды желідегі оқырмандары. 


Талқылау