Бір түнде үш көлікті өртеп жіберген: Семейде "автоманьяк" ұсталды
Семей қаласының тұрғыны бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен. Ол ұрланған көліктерді сатпаған, бөлшектемеген, бірақ өртеп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі "Астана" арнасына сілтеп хабарлайды.

"Көлігім ұрланды" деп бірнеше тұрғын құқық қорғау органдарына арыз түсіргенде, полиция ұрлықшыны іздеу жариялады. Белгілі болғандай қалада "автоманьяктың" атой салып жүргені белгілі болды. Барлық ұрланған көліктер, дәлірек айтсақ, жанып кеткен қаңқалары қала сыртынан табылды.
Жас жігіт неліктен үш көлікті бірдей өртеп жібергенін тергеушілер анықтап жатыр.
"Ізін суытпай 24 жастағы жас жігіт анықталып, ұсталды. Ер адам түнде көлік құралдарын әдейі өртеп жіберді. Осы сағатта Семей қаласының полиция қызметкерлері оның осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатыстылығын анықтап, тексереді", - дейді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"