Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір доллар үшін мың теңге: Экономист теңгенің долларға шаққандағы шынайы бағамын атады

Қазіргі уақытта теңгенің долларға шаққандағы нақты бағамы мың теңгеге бір доллар болып тұр. Мұндай пікірді қазақстандық экономист Айдархан Құсайынов білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Atameken Business сайтына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, теңгені екі жыл бұрын “босату” керек еді. 2020 жылдың өзінде оның долларға шаққандағы бағамы қандай да бір сыртқы факторлар мен геосаясатқа қарамастан 500 теңгеден асып кетуі керек еді.

Жасанды түрде теңгені ұстап тұру тек тұрақтылықтың көрінісін ғана жасайды, бірақ шын мәнінде экономикаға кері әсер тигізеді дейді экономист. Ұлттық банктің интервенция арқылы ұлттық валютаны тежеу ​​әрекетін қателік қана емес, тіпті ақымақтық деп санайтынын айтады.



Тек соңғы жарты жылда бұған үш миллиардқа жуық доллар, ал екі жылда 20 миллиардқа жуық қаржы жұмсалды. Теңге тежеу құрсауынан босаса, экономика аяққа тұраа алады. Мемлекет өнімділікті арттыруға назар аударады, ал адамдар табыс табуға бет бұрады. Ал бұл өз кезегінде бүкіл экономиканың нығаюына әкеледі.

"Теңгені бір доллар үшін 600, 700, 800 теңге бағамына жіберу керек. Ең дұрысы, бір доллар үшін мың теңге. Сол кезде ресейлік өнім өте қымбат болады. Сонда миллиондаған қазақстандық жұмыс істей бастайды: үстел құрастыру, заттар тігу, тігін шеберханалары ашылады. Яғни біз шынымен валюта бағамын босатсақ, импорт қымбаттаса, адамдар жұмыс істей бастайды, содан кейін ол тиімді болады", – деді экономист.

Талқылау