AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp желісіндегі діни статусы үшін Қазақстан азаматына айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынына WhatsApp мессенджеріндегі діни статусы үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының 39 жастағы тұрғыны WhatsApp мессенджері статусында бір ай бойы діни мазмұндағы материалдары бар суреттерді жариялаған. Мұндай әрекеттер құқық бұзушылық болып табылады. Ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік материал жиналды", - деп хабарлады полициядан.

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан сотының қаулысымен ауыл тұрғыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі, 3-тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 35 айлық есептік көрсеткіш (107 мың 205 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Айтпақшы, бұл үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы 490-бабында 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (1 АЕК – 3 063 теңге) айыппұл қарастырылған.

"Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни заттарды тек ғибадат орындарында, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген стационарлық үй-жайларда таратуға рұқсат етіледі. Петропавлда осындай 15 арнайы орын бар", - деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Руслан Жарасбаев.

Ағымдағы жылдың басынан бері солтүстікқазақстанда діни материалдарды тарату бойынша тоғыз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр