Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"300 тоннадан астам жүк, тоғыз дәрігер": Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

Ауғанстанға көмек
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек пен тоғыз дәрігер жіберді. Дәрігерлер бір апта бойы тұрғындарды тегін қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Делегация құрамына Қазақстандағы жетекші медициналық ұйымдардың тоғыз маманы кірді. Ауғанстандағы Қазақстан медицинасы күндері аясында олар бір апта бойы тұрғындарға кеңес беріп, медициналық көмек көрсетеді және жергілікті әріптестеріне арналған шеберлік сабақтарын өткізеді.

Ал гуманитарлық жүктің жалпы салмағы 318,8 тоннаны құрайды. Оның құрамына 1,867 тонна дәрі-дәрмек (вирусқа қарсы, гипогликемиялық, гастроэнтерологиялық, жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған, бронхты кеңейтетін және басқа да препараттар), медициналық бұйымдар, 300 тонна қант, 100 жазғы шатыр, төсек-орын жабдықтары және басқа да қажетті заттар кірді.

Гуманитарлық көмектің негізгі бөлігі – сегіз теміржол вагоны Балх провинциясындағы Хайратон станциясына жеткізілді. Дәрі-дәрмектердің бір бөлігі Қазақстан делегациясымен бірге әуе көлігі арқылы Ауғанстанға жеткізілді.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 20 Маусым, 2026 20:02