Қазақстанда зейнеткерлерге қосымша 55 мың теңге төленеді: Ақпарат желідегілерді шулатты
Желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарады. Бұл жалған ақпарат болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz басылымына сілтем жасап.

Төлемдер туралы мәтінде осы жылдың 1 мамырынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері өскендігі, соның салдарынан зейнетақы 55 мың теңгеге дейін көтерілетіні жазылған.
“Бұл - бұрмаланған ақпарат. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстанда биыл 1 сәуірде артты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЕК-ті ұлғайту туралы жаңа жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми сайтында жоқ. Сондай-ақ, бұл туралы ақпарат ресми БАҚ-та да жарияланбаған. Зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жаңалықтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ", - делінген хабарламада.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда