Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес айда үш рет тұрмысқа шыққан әйел полицейлердің назарын аударды

бес айда үш рет тұрмысқа шыққан
Фото: pixabay.com

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында әйел бес айда үш рет тұрмысқа шыққан. Оның бұл әрекеті полицейлердің назарын аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bhaskar English порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Құқық қорғау органдары бұл некелердің барлығы ресми түрде тіркелген-тіркелмегенін немесе заңды күші рәсімдері болғанын анықтап жатыр.

Басылым мәліметінше, әйел мен оның күйеулерінің жеке тұлғалары жарияланбаған. Полиция бұл ерекше жағдайдың артында алаяқтық әрекет болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Үндістанда көп әйел алу және көп күеуіге шығу заңмен тыйым салынған. Ал некені бұзу үшін сот рәсімдерінен өту қажет. Сондықтан қысқа уақыт ішінде үш рет үйленуі құқық қорғау органдарының назарын аударған.

Жергілікті заңгерлердің айтуынша, егер отбасы құру ниеті болмағаны дәлелденсе, мұндай некелер жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Қазір полиция болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін туыстарынан, көршілерінен және басқа да куәгерлерден жауап алып жатыр. Әйелдің өзі түсініктеме беруден бас тартқан.

Әзірге оған қандай да бір жаза қолданылатыны белгісіз. Алайда заң бұзушылық анықталған жағдайда, оған заңда қарастырылған шаралар қолданылуы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 20 Маусым, 2026 15:54