Ирандық әнші хиджабсыз ән айтқаны үшін 74 дүре соғу жазасына кесілді
Ирандық әнші мен оның командасының сегіз мүшесі 74 дүре соғу жазасына кесілді. Жаза әншінің YouTube арнасында хиджабсыз өнер көрсеткені үшін қолданылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі theguardian.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сол концерт кезінде 29 жастағы Ахмади хиджабсыз өнер көрсетіп, патриоттық "Az Khoone Javanane Vatan" ("Отан жастарының қанынан") әнін орындаған. Бұл бейне көп ұзамай әлеуметтік желілерде кең тараған.
Видео жарияланғаннан кейін көп ұзамай Ахмади музыканттарымен бірге ұсталған, бірақ олар тез арада босатылған. Тек біраз уақыт өткен соң ғана оларға қатысты ресми іс қозғалған.
Нәтижесінде Кум провинциясының қылмыстық соты әртістерді қоғамдық моральға нұқсан келтірді деген айыппен дүре соғу жазасына, елден шығуға екі жылдық тыйымға және шығармашылық қызметпен айналысуға екі жылға шектеу қоюға үкім шығарды. Айыптаулар арасында интернетте "дөрекі әрі әдепсіз контент жасап, жариялау арқылы қоғамдық әдеп нормаларын бұзу" бабы да болған.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”
