Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір балаға 150 мың жетпей қалды": Роза Әлқожа қызының мектепке дайындығына қатысты пікір білдірді

роза әншіФото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Танымал әнші Роза Әлқожа қызы Ясинаның мектепке дайындығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 

“Өмір сүру деген ең қызық нәрсе, иә?! Не боларын білмейсің. Белгісіздік, бірақ алға жүре бересің. Жаратқан берерін тауыспасын. Оқушыларға киім алып үлгердіңіздер ме?! Майда-шүйде деп ала беріп, бір қызға 150 мың жетпей қалды. Сіздер қаншаға алдыңыздар?!”, – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары мектепке дайындықтың бағасы ұшып тұрғанын жарыса жазып жатыр. 

“2-сыныпқа көшкен жиеніме 65 мың теңге кетті”, “Бала-шаға мен немере бағып, өмірдің қалай өткенін білмей қаласың”, “Базардағы мектеп формасының бағалары ұшып тұр”, “Қазір бәрі қымбаттап кеткен”, “Үш балама 100 мың кетті. Оқу құралдарын әлі алмадық, киімдер ғана алдық”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, мектеп сөмкесін қалай таңдау керегіне қатысты маман кеңесін жазған едік.

Мамандар сөмкенің арқалығы міндетті түрде қатты және формасын сақтайтын болуы керек дейді. Мұндай арқалық баланың арқа сүйеуін дұрыс қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сөмкенің ені баланың иығынан кең болмауға тиіс, әйтпесе салмақ дұрыс бөлінбейді. Ұзындығы белге дейін жетіп, одан төмен түсіп кетпеуі керек.

Мектеп сөмкесінің салмағы баланың жасы мен сыныбына сай болуға тиіс. Ұсынылатын салмақ мөлшері төмендегідей:

•    1-2-сынып – 1,5 келіден артық емес

•    3-4-сынып – 2 келіден артық емес

•    5-6-сынып – 2,5 келіден артық емес

•    7-8-сынып – 3,5 келіден артық емес

•    9-11-сынып – 4 келіден артық емес

Бұл ережелерді сақтау баланың омыртқасына түсетін жүктемені азайтып, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 12:10
Талқылау