Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мектеп бағдарламаларына жасанды интеллект енгізіледі
Фото: freepik.com
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылынан бастап білім беру процесіне жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
AI-ды енгізу алдымен "Цифрлық сауаттылық" пен "Информатика" пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілген.
Оқушылар үшін Day of AI онлайн курстары, ал мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру курстары дайындалған.
Министрліктің мәліметінше, 1 қыркүйек күні 4,1 миллион оқушы мектеп партасына отырады, олардың қатарында 341 мың бірінші сынып оқушысы және 232 мың 11-сынып түлегі бар.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады