Семейде 1 ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен екі бауырдың бірінің мәйіті табылды
Семейде сәуір айының басында жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалада бір айдан астам уақыттан бері жоғалған бауыры мен әпкесі – 2008 жылы туған Әбішев Абзал мен 2005 жылы туған Әбішева Алтынай іздестіріліп жатыр. 16 мамыр күні жоғалған қыздың өлі табылғаны белгілі болды.
"Строитель" диспансерінің маңындағы судан 18 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды", – делінген Абай облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Марқұмның інісін іздеу жалғасып жатыр. Полиция департаментінің басшылығы қыздың отбасына көңіл айтты.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде 18 және 16 жастағы екі бауырдың із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді