Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір адамға 10 дана: Оралдықтар жұмыртқа сатып алуға енгізілген шектеуге наразылық білдірді

Орал тұрғындары қаладағы жұмыртқа тапшылығына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: mgorod.kz

Оралдықтар тұрақтандыру қорынан келетін жұмыртқаларды сатып алуға қойылған шектеулерге наразы. Жаңа ереже бойынша бір адам тек 10 жұмыртқа ғана сатып ала алады. Жұрт мұны жұмыртқаны басқа елдерге, соның ішінде Ресейге экспорттаумен байланысты деп есептейді.

Алайда БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашев Қазақстан жұмыртқасы Ресейге экспортталып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

“Әзірге біздің өндірушілер жұмыртқаны тек біздің облысқа шығарады. Бізге Ресейге жеткізу көлемі ұлғаюы туралы ақпарат түскен жоқ. Кәсіпкерлер жұмыртқаны тек ішкі нарыққа жеткізеді. Әрине, біз оларды мәжбүрлей алмаймыз. Ал оған әкімшілік әдістерді қолданып тыйым салуға құқығымыз жоқ", – деді Рүстем Зұлқашев.

Айта кетейік, Оралдағы сауда нүктелерінің сөрелерінде жергілікті жұмыртқа ғана емес, Ақтөбе жұмыртқасы да бар.

Ауыл шаруашылығы басқармасы бір адамға 10 жұмыртқа ғана сату шектеуі ортадағы пайда табу фактілерін болдырмау, арзан өнім алып, қымбат бағаға қайта сатататын делдалдармен күресу үшін жасалып жатқанын түсіндірді.

Талқылау