Қазақстанда мектептердегі соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру қалай өтеді? Білім министрі мәлімдеме жасады

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің аумағында соңғы қоңырау мен мектеп түлектеріне аттестат тапсыру үрдісі қалай өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

соңғы қоңырау

"Осыған дейін оқу жылының аяқталуына орай, 25 мамырда дәстүрлі түрде соңғы қоңырау соғылып келді, яғни мектеп бітіретін 9 және 11-сынып оқушылары бар. Елімізде төртінші тоқсан қашықтан оқыту форматында өтіп жатыр және 25 мамырда мектепте ешкім болмайды. Дәстүрлі форматта мектепте қоңырау соғылмайды. 25 мамырда соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз", - дейді білім министрі.

Бұған қоса ол мектептерде аттестат беру үрдісіне тоқталды.

"3-4 маусымда 11 сынып үшін аттестат тапсыру өткізіледі. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігімен кеңес жүргіздік. Қазіргі жағдайға қарамастан, аталған мерзімде 11 сыныпқа арнап аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізуді жоспарлып отырмыз. Сонымен бірге, олар үшін соңғы қоңырауды ұйымдастырамыз", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Министр мектепгі іс-шараны ұйымдастыруға қойылатын талаптарды атап кетті. 

"Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Балалардың, педагогтардың қауіпсіздігіне айрықша екпін қоямыз, медициналық масқа тағу міндетті болады. Бұл шара аулада, яғни ашық кеңістікте өтеді. Әр сынып өзінің шарасын жекелей ұйымдастырады. Арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер қойылады", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мектеп түлектеріне бітіру кешін ұйымдастыруға тыйым салынғаны айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр