Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабақ кестесі болмайды: Қазақстанда мектеп оқушылары төртінші тоқсанда қалай оқиды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы мектеп оқушыларының төртінші тоқсандағы сабағы қалай жүзеге асатындығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушы

"Дәстүрлі біз үйренген оқу кестесі болмайды. Бала берілген тапсырманы өзіне ыңғайлы уақытта орындайды. Бұрынғыдай сағат 8-де қазақ тілі, сағат 9-да орыс тілі болады деген секілді кесте енді болмайды. Өйткені бізде онлай жоқ. Бізге ең бастысы, білім беру үдерісінің нәтижесі керек. Сабақ қорытындыларын біз өткізетін жинақтық бақылауда көріп отырамыз. Біз жалпы балаларымызға сеніп, оларды қолдауымыз керек", - деді Аймағамбетов. 

Министрдің сөзінше, қашықтықтан оқыту Қазақстанда төрт тетік бойынша жүргізіледі.

"Біріншісі - қазақстандық телеарналар арқылы оқыту. "Балапан" және "Еларна"  телеканалдарын жұмылдыру жоспарымызда бар. Біреуінде қазақша, біреуінде орысша сабақтар жүргізіледі. Күніне оқушылардың сабағына 8 сағат жұмсалады. Жалпы кесте дайын. Ол кестені біз БАҚ-қа беріп, мектептерге, ата-аналар мен ұстаздарға таратудамыз. Осы бағытта жұмыс жүргіземіз. Әр видеосабақ 10 минутқа созылады. Қазір 500-ге жуық видеосабақ түсірілді. Жалпы саны 3360 видеодәріс түсіру алға қойылған. Ең басты пәндерді қамтитын боламыз. Виртуалды түрде тапсырма алған оқушылар қолындағы оқулықтармен өз бетінше оқиды, ұстаздар олармен үнемі байланысып тұрады. Бұл тетік бойынша интернеті жоқ оқушылар оқиды. Және басқаларына да бұл әдісті қосымша ретінде қолдана алады. Түсірілген 3360 видеосабақ міндетті түрде интернетке жүктеледі. 

Екінші тетік, радио арқылы. "Қазақ радиосын" жұмылдыру жоспарлануда. Тиісті аудиосабақтарды біз радио басшылығына жіберіп жатырмыз. Сондықтан радионы үйінде теледидары жоқ балалар қолдана алады. Сондай-ақ радиосабақтарды да қосмыша ретінде пайдалануға болады. 

Үшінші тетік, пошта арқылы. "Қазпочта" АҚ-мен келісімге қол қойдық. Біз келісімге келіп, мектептері жоқ елді аймақтарда тұратын балаларға көмек көрсетпекпіз. Айтып отырғанымыз - ауылда небәрі бес-алты бала бар жерлер бар. Ондай оқушылар басқа жақтағы мектептерге қатынап, сабақ оқитын. Осындай оқушылармен пошта арқылы байланыс орнатпақпыз. 

Төртінші тетік, кейбір облыстардағы ауылдарда небәрі 80-90-ға жуық оқушылары бар мектептер бар. Мұндай мектептер штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Яғни, осы уақытқа дейін балалар мектепке қалай барып тұрса, төртінші тоқсан да солай барады. Әрине, бұл мектептерде карантиндік ережелер сақталады. Тиісті нұсқаулықтар көрсетілген құжатты біз бекітіп бердік. 

Бесінші тетік, интернет арқылы. Бізде тек қана қалада оқитын оқушылардың саны екі миллион, аудан орталықтарында оқитын балалардың саны 500 мыңға жуық. Біз, әрине, осы 2,5 миллион бала тек интернет арқылы оқиды деп ойламаймыз. Интернетке түсетін қысым, оның сапасының нашарлауы деген сияқты мәселелер тағы бар. Интернет арқылы сабақ оқу ыңғайлы болатыны белгілі. Арнайы платформа жасап жатырмыз. Бұл тетікте де өзінің кемшіліктері бар. Біріншісі - компьютерлердің жетіспеуі, екінішісі - компьютерлері бар отбасылардың интернетке деген қолжетімсіздігі. Бұл мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазір осыған байланысты мектептегі компьютерлерді оқушылардың пайдалануы беру қолға алынған. Қазірдің өзінде 120 мың компьютер мектеп балансынан ата-аналарға тапсырылды. Компьютерлердің жетіспеушіліг байқалған жағдайда оны сатып алу ойымызда бар", -деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың мектеп формасын киіп отыру секілді мәселеге тоқталды. Шенеунік балалар үйінде оқыған кезде не киетіні өз еркі, оларды күштеп мектеп формасын кигізуді құптамайтынын айтып өтті. 


"Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ": Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр