AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл соңғы қоңырау мен аттестат табыстау шаралары қалай өтеді? Білім министрлігі жауап берді

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова соңғы қоңырау мен аттестат табыстау шаралары қалай өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Оқу жылының аяқталуы бойынша дәстүрлі түрде екі шара өткізіледі, олар – 25 мамырдағы соңғы қоңырау және 11-сыныптың қорытынды аттестаттауынан кейін жалпы орта білім туралы аттестатты салтанатты тапсыру. Олар барлық өткен жылдар секілді қажетті мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз қалауынша ұйымдастырады. Салтанатты аттестат тапсыру да – балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл шара да өткізіледі және оған білім беру ұйымы жауапты болады", – деді Ш. Қаринова Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Білім министрлігі мектеп бітіру кешін өткізу туралы ұсынымдар әзірлеп жатыр.

"Министрлік осындай ұсынымдар әзірлеп жатыр. Оқу жылының аяқталуына әлі бір жарым ай бар. Біз бұл ұсынымдарды дайындаймыз, әріптестеріміз бен БАҚ хабардар болатындай жариялаймыз. Бұл жаңадан пайда болған шара емес, жыл сайын өтіп келе жатыр. Өткен жылдары карантиндік шектеу қағидалары болды. Ал биыл аттестатты салтанатты тапсыру мектеп қабырғасында міндетті түрде өтеді. Басқа да ұсынымдарды тіземіз және жариялаймыз", – деді Шолпан Қаринова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр