Бибісара Асаубаева халықаралық шахмат турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women's Speed Chess Championship онлайн турнирін сәтті бастады. Ол жарыстың алғашқы кезеңінде Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
1/8 финалда қазақстандық гроссмейстер Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы үш ойын кезеңінің барлығында да жеңіп шықты.
Алдымен 5+1 уақыт бақылауымен өткен блицте Бибісара Асаубаева 3,5:1,5 есебімен басым түсті. Кейін 3+1 форматындағы кездесуде де 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
ОқыңызМатчтың соңғы кезеңі – 1+1 уақыт бақылауымен өткен пулда да қазақстандық шахматшы қарсыласынан басым түсіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы жеңістің арқасында Бибісара Асаубаева беделді Women's Speed Chess Championship турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Есей салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева Norway Chess 2026 турнирін мерзімінен бұрын жеңіп алған еді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді