Бейбіт Әлібеков өзіне қатысты тергеу жүргізілуде деген ақпарат жайлы пікір білдірді
Белгілі қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков өзіне қатысты тергеу жүріп жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұған дейін БАҚ пен түрлі Telegram арналарында оның елдегі қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы ақпарат жарияланған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 7 арнаның “Айбат” ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Бейбіт Әлібековке қаңтар оқиғасына байланысты істерде куәгер ретінде сұралымдар жүргізілген. Оның үйінде тінту болып, ұялы телефоны тәркіленді деген ақпарат тараған болатын.
“Жоқ менің үстімнен ешқандай тергеу болған жоқ. Тек 5 қаңтардағы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарына ұялы телефонымды беріп жібергенмін”, – деді Әлібеков.
Өзінің тек куәгер екенін айтқан танымал блогер, бизнесмен бұл тараған ақпаратқа осылай жауап берді.
Бейбіт Әлібеков – дәмханалары және киім дүкендері бар бизнес өкілі. Оның желідегі аудитория саны миллионнан асқан.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар