Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Құдайберген: Мені депутат болып ақша жеді, содан байыды деп айтады 

Қайрат Құдайберген өзін депутаттықтан ақша жеді деп айыптағандарға өкпелі. Кәсіпкер депуаттықтан ешқандай ақша таппаймын деп ақталды. Бұл тек қоғам үшін атқарып жүрген қызметі. 

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Қайрат Құдайбергенов өзі туралы алып-қашпа әңгіме айтатындарға жауап берді. Кәсіпкер өзінің депуаттығы жайлы айта өтті. 

“Мен халықтың қалауымен депутат болған адаммын. Мәслихат депутаты деген жалақы да алмайды. Олардың қызметі басқа. Шығын шықпаса, кіріс кірмейді. Біз қоғам өміріне араласамын. Мені депутат болып сайланып, содан байып жатыр деп ойлайды. Мен кәсіпкермін. Көлігім, үйім бар. Жұмысым бар. Аллаға шүкір, бірақ ол депутаттықтан келген жоқ. Мені халық сайлады. Қазір партия сайлайды. Халық сайлаған соңғы депутаттардың бірі менмін”, – деп ақталды. 

Кәсіпкер жақында әйелінің қазақ тіліне ден қойғанын мойындайды. 

“Әйелім орыс тілді қыз. Алматының қызы. Бірақ мен соңғы кезде қазақ тілін үйренуіне ден қойып жүрмін. Өзім де кезінде орыс тілін солай үйренгенмін”, – деді ол. 

Бұған дейін кәсіпкер отбасы, балалық шағы, инфосығандар жайлы айтты. 

Еске салайық, 22-сі күні таңертең Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды. 

Алматы прокуратурасы қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің қандай күдікке ілінгенін айтқан. Күні кеше кәсіпкерді қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды.

Талқылау