Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес бөлке нанның бағасы: Қазақстандықтар 1 еуроға қайдан үй сатып ала алады?  

430 теңгеге үй! Еуропалық елдер қазақстандықтарды күлкілі бағадағы арзан үйлермен қызықтырып отыр. Арзан баға, сұлу табиғат, бірақ тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Қандай елдерде үйлерді 500 теңгеден аз ақшаға сатып алуға болады, Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп хабарлайды. 

Швецарияның оңтүстігіндегі таулы алқапта орналасқан Тичино ауданында үйлер "күлкілі" бағада сатылып жатыр. Бір үйдің бағасы 1 франк. Бұл 1 еуро немесе 400 теңге. Жергілікті басшылық табиғаты әдемі, таулы аймаққа жан бітіру үшін шет ел азаматтарын осындай бағалармен тартуды көздеп отыр. 

Тек бір ғана шартпен: сатып алушы үйді толықтай өңдеу керек. 

Швецариялық билік сатып алушы шет елдік азаматтарды жұмыспен қамтимыз деп отыр. Алайда лауазымды қызметтер емес, фермер, балықшы, құрлысшы немесе нан пісіруші сынды қарапайым қызмет түрлерін ұсына алады. 

Қала шуынан шаршағандар үшін бұл таптырмас мүмкіндік болары сөзсіз. Бірақ қазақстандық жылжымайтын мүлік мамандары жүк жинауға асықпай тұруды ұсынады. 

"Мұндай ұсыныстар жергілікті еуропалықтар үшін тиімді деп ойлаймыз. Сан ғасырлар тарихы бар ескі орынды қайта қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізуде біраз қаражатты талап ететінін ескерсек, ол жақтан үй алуға кеңес бермес едік", - дейді риэлторлық агенттік басшысы Айдана Нұранова.

Мамандар ескі үйді қалпына келтіру дайын үйдің бағасынан екі есе асып түсуі  мүмкін деп отыр. 1 еуроға үй сату жарнамалары интернеттке көп кездеседі. Әдетте олардың көбі әдемі болғанмен, қирап тұрған тарихи ескерткіштер. 

Сондай-ақ, Италия, Англия, Франция елдерінде осындай бағада, бірақ өзіндік талаптарымен тарихи ғимараттар сатылымда енген. 

Бағасы 1 еуро тұратын үйлердің жылына мыңдаған еуролық салығы бар екенін де ұмытпаған жөн. 

"Келісім бойынша сол елде тұрып жатқанмен, заң бойынша ол елде тұруға құқыңыз жоқ. Заң бойынша тұруға мүмкіндігіңіз болуы үшін өзіңіз жүгіруіңізге тура келеді. Яғни, сізге жұмыс немесе студенттік виза жасатуға тура келеді", - дейді Айдана Нұранова. 

Еуропа елдеріндегі 1 еуролық үйлерге қызығып тұрғанда, Петропавлдан да өз иесін күтіп тұрған тарихи үйлер табылды. Он жылдан бері қараусыз қалған үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Жергілікті сәулетшілер Қазақстан бойынша жалғыз үй екенін айтады. Қазіргі таңда үй банктың иелігінде. Зәулім үй 1907 жылы салынған. 

1932 жылы салынған Қарағандыда тағы бір тарихи мекеме бар.  Үй мәскеулік сәлетшілердің көмегімен салынған. Тарихи үй өз сымбатын сақтап қалған. Петропавлдағы үйден айырмашылығы мұнда адамдар тұрады. 

 

Талқылау