Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев әкімдермен бірге футбол ойнады (фото)

Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Ақтөбе облысы әкімдігі мен облысқа қарасты аудан әкімдерінен құралған командалар Мұғалжар ауданының 20 жылдығы және Қандыағаш қаласының құрылғанына 50 жыл толуына орай шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді.

FB_IMG_1498792924212

Мерекеге орай ұйымдастырылған жолдастық кездесу жоғары деңгейде өтті. Ақтөбе облысы әкімдігінің командасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов және департамент басшылары өнер көрсетті, деп хабарлайды Aktobenewskz.

FB_IMG_1498792919075

Ал аудан әкімдерінен жасақталған командада аудан әкімі Ербол Данағұлов бастаған Алға, Мәртөк, Әйтеке би, Қарғалы, Ырғыз, Қобда, Хромтау аудандарының әкімдері доп тепті. Алма-кезек шабуылдармен өткен жолдастық кездесудің қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы әкімдігінің командасы жеңіске жетті.

Мұғалжар ауданы әкімдігінен хабарлағандай, ойын соңында аудан әкімі Ербол Данағұлов жолдастық кездесуге белсене қатысқан екі команданың мүшелеріне Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар аудан басшысы жеңімпаз командаға мерекелік кубокты салтанатты түрде табыс етті.

Тағы да оқыңыз:

Оралда көшеде шығып тұрған арматура темір 14 жастағы қыздың аяғын тесіп шықты

Алматыда автобус апатқа ұшырап, жүкті әйел зардап шекті (фото)

Оралда құрылыс орнынан табылған жаңа туған сәбидің анасы ұсталды

Атырау облысының тұрғыны үйсіз жүрген ауылдасына баспана салып берді (фото)

Талқылау