Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Павлодарда өткен концерттен кейінгі Төреғалидің басындағы дау саябырсыса да басқа да былықтарының шеті ашылуда. Өткенде ғана Төреғалидің бұрынғы продюсері Жан Мұқанов әншіден 5 күндік концерті мен тойын өткізіп бергені үшін ақысын ала алмағанын айтқан еді. Ал Төреғалидің журналисті балағаттап, ағасының Талғат Жорабаевқа қоқан-лоқы жасаған аудиожазбасына жариялаған белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы бұл жолы Төреғалиді жақтап, продюсерінің әрекетін сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жан Мұқановты сынаған Бибігүл Дәулетбекқызының айтуынша, оның Төреғалиге деген көқзарасы өзгеріпті.

«Неше күннен бері әлеуметтік желіде Жан Мұқанов деген продюсердің зарлы жазбасын оқып, жүрек айнып бітті. Рас айтамын. “Біресе анау деді, біресе пианиноны сындырды” деп балабақшадағы балалардың әңгімесін езіп қоймайды. Төреғалиға деген көзқарасымды 180 градусқа өзгертті. Әкем ұрысқанда да, ойымда қадалып тұрып алған едім.
Өмірімде көрмеппін Жан деген продюсерді. Отандық шоу-бизнестен хабарым жоқ. Қызықпаймын. Тек көзге сүйел болғандарды оқырмандар “жазсаңызшы” дегенде барып, сүзгіден өткізіп барып, жазамын. “Ұлы дала баласы” деген атақты мен алып бердім дейді. Төреғалидың әкесі “әу” бастан қарсы болған екен. Одан кейін ” әншінің тойын жасайық деген идеяны да тастаған мен” деп бөседі. “Барлық бәлені бастаған осы екен” дедім Жан Мұқановтың жазбаларын оқып отырып. “Ұлы дала баласы” деген атақты алып беріп, “айқайлатып-пайпайлатқан” осы екен ғой дедім іштей» , – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Сондай-ақ, журналист Жан Мұқановты атышулы продюсер Баян Алагөзоваға теңеді. Айтуынша, Алагөзова да өзінен кеткен әншілерді жамандап жүреді екен.

«Өмірде тағы жиренетінім – “жұрттың балаларынан қалмайын” деп жанталасатындар. Бұл продюсер де “Баян синдромымен” қатты ауырады екен. Баян да өзінен кеткен әншілердің соңынан үнемі жамандап жүретінін мына жұртшылық жақсы біледі. Төреғалидың сахна төрінде айтқан сөзін әлі де құптамаймын. Сынасақ ол кезде сахнадағы мәдениетті сыйламаған әншіні Халық болып жаздық. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. Бірақ, мына продюсердің “шоқ шоқ, бәлем” деп табалағаны мезі етті», – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Төреғали Төреәлінің бұрынғы продюсері Жан Мұқанов әншінің 5 күндік концерті мен тойын өткізгені үшін ақысын ала алмағанын айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Назарбаев пен Трамптың келіссөзінде қандай мәселелер талқылануы мүмкін екені белгілі болды

Геннадий Головкин Шымкентте дүркіреп өткен тойға арнайы қонақ болып келді

Төреғали Төреәлі дүркіретіп өткізген концертінде Республика сарайындағы күйсандықты сындырып кеткен

Талқылау