Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 адамнан асса - көп адам жиналған боп есептеледі": Бекшин той жасап жүргендерге ескерту жасады

Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлауда. Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантин кезінде тойларды және басқа да бұқаралық мерекелерді ұйымдастырушыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Статистикаға сәйкес, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 38% -ы түрлі бұқаралық іс-шаралардан осындай жағдайға тап болған.

"Мен той ұйымдастырушыларына айтарым, сіз өзіңізге ғана емес, инфекцияны барлық қонақтарға, қарт адамдарға таратасыз, олар отбасыларына қауіп төндіреді. Сондай-ақ, той немесе ас беру кезінде мониторингтік топтардың талабы бойынша іс-шараны аяқтауға мәжбүр болған қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қоясыз, - деді Бекшин.

Эпидемия кезінде бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 10-нан астам адамның жиналуы көп адам жиналғаны болып есептеледі.

Соңғы аптада Алматының мониторингтік топтары бірқатар заң бұзушылықы анықтады: Медеу ауданында сағат 24.00-де "Black hall Bar" пабы, "Bla Bla Bar" бары, Түрксіб ауданында "Эрмитаж" кафесінде банкеттік іс-шара (үйлену тойы), "Золотой Кувшин" кафесінде отбасылық іс-шара, Наурызбай ауданында "Алтын" мейрамханасы - ұзату, "Tengri" кафесінде мерейтой өтті. Бұл нысандарда мониторингтік топтардың қызметкерлері қонақтарды таратып жіберді. Қайталанған бұзушылықтар кезінде объектілер сот тәртібімен жабылатын болады.

Талқылау