Байқоңырда ресейлік полицейлер мен қазақтар арасында жанжал шықты
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Байқоңырда Қазақстан азаматтары мен Ресей күш құрылымдары арасында жанжал шыққанын айтты. Негізгі себеп жергілікті тұрғындар мерзімі өткен рұқсат қағаздарымен нысан аумағына кіруге әрекеттенген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр болған жайттың рұқсат қағаздарына байланысты туындағанын түсіндірді.
"Белгілі болғандай, рұқсаттаманың мерзімі өтіп кеткендіктен азаматтарға өтуге шектеу қойылған. Сол себептен жергілікті тұрғындар мен Ресей полициясы арасында жанжал шыққан. Қазір барлығы бақылауда", – деп түсіндірді департамент басшысы.
Ол кіру режимінде ешқандай өзгеріс болмағанын және жанжалдың реттеліп қойғанын жеткізді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"