Финляндияда Ресеймен шекараға қоршау салу ұсынылды
Фин шекара қызметінің басшысы Паси Костамоваара Ресеймен шекарада қоршау салуды ұсынды. Бұған мобилизация жарияланғаннан кейінгі ресейліктердің шекарадан өту ағыны себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yle порталына сілтеме жасап.

Паси Костамоваара шекраға қоршау салудың ең тиімді шешім екенін ескертті. Сөзінше бұл арқылы тек бақылау қызметі ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік жұмыстары да арта түспек.
"Қоршау шекарадағы бақылауды қазіргі жағдайда да, тәртіпсіздік жағдайында да тиімді етеді", - деді Костамоваара.
Оның пікірінше, Кремль азаматтардың Ресейден шығуына шектеу қойса, Финляндия шекарасында заңсыз өту әрекеттері жиілеуі мүмкін.
"Мұндай жағдайда физикалық қарсылық қажет болуы мүмкін", - деп атап өтті шекара қызметінің басшысы.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"