Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы кітабына үздік рецензия жазған адамға IPhone7 сыйламақ

Баян Мақсатқызы тағы да байқау жариялап, жеңімпазды қымбат сыйлықпен қуантпақ. Продюсердің кезекті байқауы кітабының жарыққа шығуына орай ұйымдастырылып отыр.

19955528_1958329231121304_5545193230317912064_n

Сурет: Баян Есентаеваның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Баян Мақсатқызы кітабының жарыққа шығуына байланысты байқау жариялады. Десе де, продюсердің бұл байқауы осыған дейінгілеріне қарағанда қиынырақ. Себебі, ол кәсіби сауаттылықты талап етеді. Яғни Баян Мақсатқызы бұл жолы үздік рецензия жазған адамды қымбат сыйлықпен қуантпақ. Көңілінен шыққан рецензия иесіне IPhone7 Red телефонын сыйлағалы отыр.

“Достар, ең қызықты рецензияға байқау жариялаймын. Жазғандарыңызды #моярецензияокнигебаян хэштегімен белгілеңіздер. Ал жеңімпазды тура бір айдан кейін анықтап, IPhone7 Red телефонын сыйлаймын. Рецензия тәуелсіз, қызық әрі объективті болуы тиіс. Сәттілік тілеймін! Кітаптарым Алматы, Астана және Шымкент қалаларында сатылып жатыр. Жуырда өзге аймақтарда да таралады. Рецензияны қазақ және орыс тілдерінде жаза берулеріңізге болады”, – дейді ол.

Продюсердің кітабы алғаш 5 шілде күні Қазақстанның бес қаласында сатылған болатын. Яғни жеңімпаз тамыз айының 5-і күні анықталмақ. Мұнымен қатар, ол жуырда өзіне ерекше ұнаған рецензиялардың бірін парақшасында бөлісті.


Буктрейлер дегеніміз не?

Талқылау